Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатын жалғыз қоламен аяқтады

23 Мамыр, 19:07 754

Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошылары жалғыз қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 мамырда басталған сынның алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова қола медаль иеленген соң өзге спортшыларымыз биіктен көріне алмады. Тек Елдос Сметов 5-ші орынға тұрақтап, өзгелері жоғары нәтижеден тыс қалды. 

Бүгін татамиге шыққан Шархан Нұрлыхан, Ерасыл Қажыбаев, Кәмила Берліқаш есе жіберіп, жарыс жолынан шықты. 

Ертең әлем құрамалары аралас команда бойынаш сынға түседі. Әр құрамадан 3 ер, 3 әйел дзюдошы өзара мықтыны анықтайды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: