Қазақстан бойынша 369 тоннадан астам АИ-95 бензині тасымалданбақ

9 Тамыз 2023, 09:35 963

Тамызда Қазақстан бойынша 369 тоннадан астам АИ-95 бензинін тасымалдау жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді жеткізуге байланысты барлық өтініш 100% қамтамасыз етіліп келеді.

Қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жағармайы бар цистернаның саны - 341. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен жеткізілмек.

EL.KZ
Бөлісу: