IBA ұйымдастырып жатқан бокстан Дубайдағы әлем чемпионатын Қазақстан нокаутпен бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
92 келі салмақта өнер көрсеткен Нурмагамед Юсупов қарсыласын алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберді. Оның қарсыласы – тәжірибелі 34 жастағы тәжік боксшысы, Азия чемпионатының былтырғы ширек финалисі Навруз Джафоев еді.
Бұл жеңіс – 24 жастағы қарағандылық Юсупов үшін ұлттық құрама сапындағы алғашқы ірі турнирдегі жетістік. Ол соңғы Қазақстан чемпионатында финалға дейін жетіп, Сағындық Тоғамбайға есе жіберген болатын.