07.03.2023
14:10
2284
Қазақстан бір жылда 46 млн долларға гүл импорттады

Қазақстан бір жылда 46 млн долларға гүл импорттады

2022 жылы елімізде кесілген гүлдер мен бүршіктердің саудасы 48,8 миллион долларды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға жоғары. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстаннан гүл экспорты 2022 жылы 10,1% өсіп, 2,7 млн АҚШ доллары болды.

Сондай-ақ, Қазақстан гүлдердің келесі эдей түрлерін экспорттайды:

  • раушан –2,2 млн АҚШ доллары (үлесі 80,6%)
  • гүл шоқтарын қалдыруға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 220,2 мың АҚШ доллары (8,2%)
  • хризантема – 169,4 мың АҚШ доллары (6,3%)
  • қалампыр – 111,8 мың АҚШ доллары (4,2%)
  • лалагүл – 10,4 мың АҚШ доллары (0,4%)
  • орхидеялар – 8,6 мың АҚШ доллары (0,3%)
  • басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 760 АҚШ доллары (0,03%),
  • ранункул – 331,2 АҚШ доллары (0,01%)
  • гладиоли – 1 110 АҚШ доллары (0,004%).

Сондай-ақ, Қазақстанға гүл импорты 2022 жылы 9,7% өсті (46,1 млн АҚШ доллары).

Жалпы Қазақстан гүл импорты төмендегідей:

  • раушан – 30 млн АҚШ доллары (65,2% үлесімен)
  • хризантема – 6,2 млн АҚШ доллары (13,5%)
  • гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 5,8 млн АҚШ доллары (12,6%)
  • басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 1,4 млн АҚШ доллары (3,1%)
  • лалагүлдер – 1,2 млн АҚШ доллары (2,7%)
  • қалампыр – 1 млн АҚШ доллары (2,3%)
  • орхидея – 241,3 мың АҚШ доллары (0,5%)
  • ранункул – 79,2 мың АҚШ доллары (0,2%)
  • гладиоли – 7,9 мың АҚШ доллары (0,02%).