Қазақстан бейбіт және теңгерімді сыртқы саясатты қатаң ұстанып келеді - Тоқаев

2 Қыркүйек, 13:00 353

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстан бейбіт және теңгерімді сыртқы саясатты қатаң ұстанып келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, шетелдегі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау, ұлттық мүдделерімізді ілгерілету, экономикаға инвестиция тарту – дипломаттарымыздың басты міндеті. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң ұстана отырып, көп жақты ынтымақтастық орнатуға қашанда дайын екенін паш етіп келеді. Еліміз халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық мәселелерін шешуге белсенді атсалысады. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдардың терроризмге, экстремизмге, заңсыз көші-қонға, климаттың өзгеруіне және өзге де қауіп-қатерлерге қарсы күресу жолындағы талпыныстарын құптаймыз, - деді Тоқаев.

Сонымен қатар президент Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметін, қарусыздануға қатысты бастамаларын барынша қолдайтынын, қарулы қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санайтынын айтты.

Астанада Қазақстаның төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының саммиттері сияқты бірқатар маңызды халықаралық іс-шара өтті. Бізге қолдау көрсеткені үшін одақтастарымыз бен серіктестерімізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз, - деді Президент.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: