24.09.2023
16:38
823
Қазақстан бессайыстан Париж олимпиадасының тағы бір лицензиясын иеленді

Қазақстан бессайыстан Париж олимпиадасының тағы бір лицензиясын иеленді

Ханчжоуда қазіргі бессайыста ерлер арасындағы жарыс аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандықтардың үздігі Георгий Борода-Дудочкин 10-орын алды.

Дегенмен Париждегі Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия иеленді.

Ереже бойынша лицензияны үздік 5-ке кірген спортшылар алады.

Бірақ ол бір ғана елге беріледі. Қорытынды хаттамада қазақстандық Қытайдан, Жапониядан және Оңтүстік Кореядан бірнеше спортшыны алға жіберіп алды, сондықтан Париж-2024-ке лицензия әр елдің бір спортшысына берілді.

Осылайша олардың артынан келген Қазақстан мен Таиландқа лицензия бұйырды.

Айта кетейік, таңертең Париж-2024 лицензиясын Елена Потапенко 5-орын алып, лицензия иеленген еді.