Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев 40 жасқа толып, мерейтойын Тараз қаласында атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараздағы "Дубай Холл" мейрамханасында өткен тойға оның отбасы мен туған-туыстарынан бөлек спорттағы әріптестері мен жақын достары жиналған. Сондай-ақ, танымал спортшының мерейтойына әр өңірден белгілі спортшылар мен бапкерлер, өнер жұлдыздары келді. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов те бар.
Бейбіт Ыстыбаевтың даңқы қарсыласы, 2016 жылы «Қазақстан Барысы» турнирінің финалында күрескен балуан Жұманазар Ерсұлтанов өзінің қарсыласын ерекше құттықтады.
Бейбіт Ыстыбаев 2012, 2015 және 2016 жылы «Қазақстан барысы» турнирінде чемпион атанған. Сонымен қатар, ол 2011 жылы күміс белбеу иегері атанған еді.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек