18.10.2025
03:40
1028
«Қазақстан Барысы – 2025»: Балуандар салмақ өлшеу рәсімінен өтті

«Қазақстан Барысы – 2025»: Балуандар салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Салмақ өлшеу қорытындысы бойынша ең ауыр палуан атағы Маңғыстау облысының өкілі Нұрдәулет Жарылғаповқа бұйырды. Лақап аты – «Қара бура». 30 жастағы спортшының салмағы 167 келі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жасы ең үлкен қатысушы – Абай облысынан келген Саят Шамшиев. Лақап аты – «Болатшы». 37 жастағы палуанның салмағы 118 келі.

Биылғы турнирдің ең жас балуаны – Ақтөбе облысының намысын қорғайтын Әмірбек Рахимов. 20 жастағы спортшының лақап аты – «Жас барыс». Салмағы 105 келі.

Ал ең жеңіл салмақтағы балуан – Абай облысының өкілі Ерсін Сейітқазынов. Лақап аты – «Алакөл қыраны». Салмағы небәрі 91 келі. Ерсін – Әлем және Азия чемпионы, Қазақстан кубогының жеңімпазы.

18 қазан күні сағат 13:00-де Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін финал нағыз ұлттық спорт мерекесіне айналмақ. Еліміздің ең мықты балуандары бозкілемде белдесіп, жанкүйерлерге тартысты сәттер сыйлайды.