16.09.2023
13:25
1106
Қазақстан балуандары әлем чемпионатында сынға түседі

Қазақстан балуандары әлем чемпионатында сынға түседі

Бүгін Сербияда күрес түрлерінен әлем чемпионатының белдесулері басталады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі

Ел астанасы Белград қаласында «Штарк Арена» спорт сарайында түндігі түрілетін дүбірлі жарыстағы алғашқы белдесуде еркін күрес бойынша балуандар сынға түседі. 

Ұлттық құраманың балуандыр 61, 70, 86, 125 келі салмақ дәрежелері бойынша бозкілемде өз шеберлігін дәлелдемек. 

Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасынан Өсімжан Дастанбек (61 келі), Санжар Досжанов (70 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Юсуп Батырмурзаев (125 келі) сынға түспек. 

Әлем чемпионатының белдесулері Астана уақытымен 15:30-да басталады.