12.05.2025
10:29
2372
Қазақстан БАӘ-мен жел электр станциясы жөніндегі келісімді ратификациялады

Қазақстан БАӘ-мен жел электр станциясы жөніндегі келісімді ратификациялады

Қазақстан мен БАӘ арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісім ратификацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорда мәліметінде. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.