Қазақстан БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді – Тоқаев

12 Шілде, 15:04 1930

Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды.

Сонымен қатар энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: