Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірінің білім беру кеңістігіне кірмек

12 Қыркүйек 2023, 21:44 1068

Ғылым және жоғары білім министрлігі «ЮНЕСКО-ның жоғары білім беру саласындағы техникалық қолдау қажеттілігін бағалау-Қазақстан» жобасын іске асыруға кірісті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

ҚР ҒЖБМ Ұлттық Жоғары білім беруді дамыту орталығы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросымен бірлесіп, Корея Республикасының нысаналы қорының (KFIT) қолдауымен іске асыратын бұл жоба Қазақстанның жоғары білімін одан әрі дамытуды және оны әлемдік білім беру қоғамдастығына біріктіруді көздейді.

Біздің еліміздің бұл бастамасы трансшекаралық ұтқырлықты дамытуға және жоғары білім беру біліктілігін тануға, Токио және жаһандық конвенцияларды ратификациялауға, Азия-Тынық мұхиты өңірінің білім беру кеңістігіне (АТР) интеграциялауға бағытталған.

Қазақстанның жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіне мүшелігі біздің елімізге трансшекаралық ұтқырлық және жоғары білімнің біліктілігін әділ тану мәселелері бойынша кең тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Берік Арманов
Бөлісу: