08.02.2025
09:05
1057
Қазақстан Азия ойындарының алғашқы жүлдесін иеленді

Қазақстан Азия ойындарының алғашқы жүлдесін иеленді

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 2000 метрге аралас эстафетада ақтық сайыста күміс иеленді. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан, Малика Ермек өнер көрсетті.