Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде бестікке енді

26 Қазан 2023, 13:14 1103

Қазақстан ажырасу бойынша әлемде бесінші орында тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антирейтингтің көш басына Ресей жайғасқан. Солтүстіктегі көршілерімізде некенің 74 проценті ажырасумен аяқталады екен. Жыл сайын 172 ресейліктің бірінің шаңырағы ортаға түседі.

Сонымен қатар елімізден бөлек алғашқы бестікте Беларусь, Молдова және Қытай тұр.

Әлемдік антирейтингте 12-орынға жайғасып, Еуропада ажырасу жағынан көш бастап тұрған Швецияда некенің 68% бұзылады. Ал ең төменгі көрсеткіш Ирландияда – некенің тек 16% ажырасумен аяқталады.  

Мадина Асылбекова
Бөлісу: