Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшілерді қандай жаза күтіп тұр

19 Сәуір 2023, 16:10 1206

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Соған қарамастан еліміздің атын шығарып жүрген легионерлердің қос азаматтығы болғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Журналистер осы туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испановтан сұрады. Оның айтуынша, бұл заңмен қудаланады.

Конституцияның 10-бабына сәйкес елімізде қос азаматтық мойындалмайды. Азаматтық алудың ережесінде жеңілдетілген ереже бойынша азаматтық ала алатын мамандықтар бар. Спортшылар да соның ішіне кіреді. Олар Қазақстанда 5 жыл тұрмай-ақ Қазақстан азаматтығын ала алады. Ел абыройын асқақтату маңызды. Әрі мұндай тәжірибе бізде ғана емес, бүкіл әлемде бар. Хоккейшілерге келетін болсақ, біздің азаматтықты алғаннан кейін олар өзі бұған дейін азаматы болған елдің азаматтығынан шығуы тиіс. Қазақстан азаматтығын қоса алған үш хоккейшіге қатысты іспен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр. Біз министрліктен жазбаша жауап беруін сұрадық, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: