11.06.2024
01:36
800

Қазақстан әйелдер құрамасы садақ атудан соңғы іріктеу турниріне қатысады

Түркияда садақ атудан Олимпиадаға жолдама беретін ең соңғы іріктеу бәсекесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшылар турнир барысында 14 жолдамаға таласпақ. 

Шешуші сайысқа садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы қатысады. Олар: Алина Ілиясова, Диана Тұрсынбек және Елизавета Авдеева.

Іріктеу турнирі 13-17 маусым аралығына жоспарланған. 

Айта кетсек, турнир Анталья қаласында өтеді.