Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

6 Ақпан 2023, 20:08 2658

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалқ станциялар желісі бүгін Алматы уақытымен сағат 19:02-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 628 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 11,7. MPV магнитудасы – 5,4. Тереңдігі – 5 км.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: