Қазақстан аумағында қар жауып, көктайғақ болады

23 Қазан 2022, 10:23 1522

Бұл туралы Қазгидромет синоптиктері мәлімдеді

Қазгидромет синоптиктері 23 қазан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Солтүстік циклонның әсерінен және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын жауады.

Елдің солтүстігінде қатты қар жауады, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады (қар, жаңбыр).

Көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Бөлісу: