Қазақстан аумағында күн күрт бұзылып, боран соғады

8 Ақпан, 06:15 4812

Қазақстан аумағында 8-9 ақпанда күн күрт бұзылып, боран соғады. Осыған орай бүкіл ел аумағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

7 ақпанда Ақтөбе облысында қар жауады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында қатты қар жауады. Кей уақытта бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде кейде 30 м/с асады.

7-9 ақпанда Қостанай облысында қар жауады, 8 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар жауады. Кей уақытта бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 7-8 ақпанда тәулік бойы, 9 ақпан түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с асады. 

8-9 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ. 7 ақпанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында кей уақытта 30 м/с асады. 8-9 ақпанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні – 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с асады. 

7 ақпан күндіз Ақмола облысында жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар), облыстың батысында қатты қар жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. 8 ақпанда қар. 9 ақпан түнде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады, күндіз жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауады. Кей уақытта бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с асады. 

7 ақпан таңертең және күндіз Түркістан облысында жауын-шашын, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні – 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 30 м/с асады. 

7 ақпанда Жамбыл облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында көктайғақ. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20, 23-28 м/с, облыстың таулы аудандарында кей уақытта 30 м/с асады. 

9 ақпанда Павлодар облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 30 м/с асады. 

Астанада 7 ақпан таңертең және күндіз, 8-9 ақпан тәулік бойы бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с, кей уақытта – 23-28 м/с.

Шымкентте 8 ақпан түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні – 15-20 м/с.

8 ақпанда Қарағанды облысында бұрқасын көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. 

8 ақпанда Ұлытау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақытта екпіні 23-28 м/с жетеді. 

8 ақпанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с.

8 ақпан түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз екпіні – 15-20 м/с.  

8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

8 ақпан түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

Алматыда 8 ақпанда тұман түседі. 

8 ақпан түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. 

8 ақпан түнде Қызылорда облысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші – 15-20 м/с.

8 ақпан түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

8 ақпанда Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

«ҚазАвтоЖол» дерегінше, қазір ауа райына байланысты республикалық жолдардың 64 учаскесінде және облыстық жолдардың 74 бөлігінде қозғалыс жабық және шектелген.

Бұл негізінен 13 өңір – Ақмола, Абай, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, СҚО, Ұлытау облыстарындағы жолдар.  

Перизат Саденова
Бөлісу: