Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.
Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 түрлі тауар бар.
Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық ұланның ұшағымен жіберілді.