«Қазақстан аруы-2024» байқауының жеңімпазы анықталды

6 Желтоқсан, 10:08 378

Алматыда өткен «Қазақстан аруы-2024» сұлулық байқауында 22 жастағы өскемендік Бағым Балтабаева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байқауға 20 үміткер қатысты. Финалда аруларға бірқатар арнайы атақ берілді. Айдана Әбілқасова «Вице-мисс Қазақстан-2024», Томирис Қадырхан «Жер аруы-2024», Дана Алмасова «Ғалам аруы-2024» атанды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, биылғы байқаудың жаңа копцепциясы қоғамда кең таралған сұлу әйелдер туралы стереотиптерді жоюға бағытталды. Оның тақырыбы «Әйел болу өнер» (The art of being a woman) деп аталды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: