Қазақстан арқылы Еуропаға өтпек болған 9 шетелдік ұсталды

23 Тамыз 2023, 09:45 829

2023 жылғы 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдіктің әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.

17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапкерлікке тартылды.

2023 жылдың басынан БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: