Қазақстан әлемнің ең қуатты суперкомпьютерлері картасына ресми түрде енді. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа жарияланған TOP-500 рейтингінде Қазақстан тарихта алғаш рет өз орнына ие болды.
НИТ ҰАҚ АҚ (AI және цифрлық даму министрлігі) басқаруындағы суперкомпьютер әлемдік ТОП-100-ге кіріп, 86-орын алды. «Қазақтелеком» АҚ суперкомпьютері 103-орында, - деп жазды министр.
Ведомство басшысының сөзінше, бұл есептеу қуаттары енді зерттеу орталықтарына, университеттерге, IT компаниялар мен стартаптарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ашық әрі қолжетімді болады.
Бұл – еліміздің цифрлық егемендігі мен AI-инфрақұрылымының дамуы үшін тарихи қадам.
Құтты болсын, Қазақстан! – деді ол.