Қазақстан активтерді шетелге шығару бойынша рейтингте 111-орында

Бүгiн, 09:55 155

Базель басқару институты жыл сайынғы "Basel AML Index" рейтингін жариялады.

Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді дереккөздің құжатына сәйкес Қазақстан Республикасы 4,65 баллмен 111-ші орында тұрақтады. АЖ/ТҚҚ тәуекелі 10 балдық шкала бойынша бағаланады (мұнда 10 – ең жоғары тәуекел, 0 – ең төменгі тәуекел).

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан 4,71 баллмен 100-ші орында болған. Осылайша, ел 2012 жылдан бері жарияланған рейтинг тарихындағы ең жақсы нәтижесін жаңартты. Тек соңғы 4 жылда рейтингте 2020 жылғы 73 орыннан ағымдағы жылы 111 орынға дейін үлкен серпіліс жасалды.

Қазақстан АҚШ, Жапония, Сингапур, Қытай, Катар, Италия, Венгрия және Түркия сияқты елдерді артта қалдырды. 

Ең аз тәуекелге ұшыраған 5 елдің қатарына Сан-Марино, Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра, Швеция кірді.

2024 жылы Индекс (қоғамдық нұсқа бойынша) 164 елді бағалады және ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың (АЖ/ТҚҚ) жоғары тәуекелдеріне ықпал ететін әртүрлі факторларды өлшейтін 5 саладағы 17 көрсеткішке негізделген.

Сонымен қатар, рейтинг әдістемесіне алаяқтықтың ақшаны жылыстатуға байланысты предикаттық қылмыс ретінде өсіп келе жатқан тәуекелдерін көрсететін өзгерістер енгізілді.

Айта кетейік, Қазақстанның позициясын жақсартуға елдің АЖ/ТҚҚ қарсы іс-қимыл жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді және үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізілді.
 
ҚМА FATF халықаралық стандарттарына сәйкес келу үшін Ұлттық "жылыстату" жүйесін нығайту жұмысын жалғастыруда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: