Қазақшасы судай Франция азаматы туристерді таңғалдырды

26 Тамыз, 02:27 502

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлеген француз азаматының видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Франция азаматына Қазақстан, атап айтқанда Қостанайдан Еуропаға көлікпен барған азаматтары кездесіп қалған. 11 мың шақырымды басып өткен қазақстандық туристерге Франция азаматы “ойбай, қиын болмады ма?” деп сұрақ қояды. “Қиын болды” деп жауап береді туристер. 

Франция азаматы бұрын Қазақстанда 16 жыл бойы жұмыс істегенін айтады.

16 жыл болдым. Петропавлда, Алматыда болдым. Франциядамыз. Жақсы сапар болсын, – дейді әлгі азамат.

Желідегі пікірлерде шетел азаматын қазақ тілін білгені үшін мақтап жазып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: