Қазақша түсінетін ит көпшілікті таңғалдырды

10 Қараша, 05:29 428

Әлеуметтік желіде қазақша сөйлейтін Майлыбек есімді ит көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеода Майлыбекке иесі тамақ бермек болады. Бірақ иті оның орысшалап шақырғанына еш құлақ аспайды. Ақырында амалы құрығандықтан қазақшалап айтқанына бірден елең етеді.

Патриот дегеніңіз осы. «Жүр, тамағыңды же» деп айтпайынша, ең сүйікті деген колбасаның өзіне алданбайды, - деп жазды автор.

Көпшілік қауым Майлыбектің әрекетіне сүйсініп, пікір қалдырып жатыр.

«Майлоның партриот екенін біле тұра неге орысша сөйлейсіз және ұрыспаңызшы», «Майлуха қазақша білмейтін қазақтарға қарағанда намысшыл екен», «Ит те біледі қазаққа қазақша сөйлеу керек екенін», деп жазған желі қолданушылары.

Перизат Саденова
Бөлісу: