«Қазақша сөйлеу мен үшін – сән»: Ерке Есмахан оқырманымен дауласып қалды

3 Қазан, 16:05 510

Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында қазақ тілінде ғана жазатыны үшін оқырманымен дауласып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншіге жанкүйері “Неге орысша жазбайсыз. Бәрі сіздің тіліңізді түсіне бермейді?” деп сауал жолдаған. Өнер иесі бұл сұраққа шамданып қалды.

Осыны жазып тұрған сіздің тегіңіз Жырғалбекова екен. Неге “сіздің тіліңіз” деп тұрсыз?! Қазақ тілі сіздің тіліңіз емес пе?! Мен қазақпын. Қазақша сөйлеймін, жазамын. Түсінбегендер аударма жасап алсын. Қазақша сөйлеу мен үшін – сән, – деп жазды әнші.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: