Қазақша нұсқасы түсініксіз заңдар қабылданбайды – министр

16 Қазан 2023, 15:00 958

Әділет министрі Азамат Есқараев елімізде қазақша нұсқасы түсініксіз заңдар қабылданбай, кері қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қолданыстағы заңнамада әр тілде жазылған мәтін халыққа түсінікті, қолдануға жеңіл болу керек деген талап көзделген. Егер мемлекеттік тілде олқылықтар болса, өзінің тиісті мамандары мен сарапшылары сол олқылықтарды анықтаса, ондай заң жобасын тіркеуден бас тартамыз. Демек, заңды бастамашы болған органға қайтарамыз, -  деді министр.

Министрдің сөзінше, егер заңның мемлекеттік тілдегі нұсқасы түсініксіз, сапасыз болса, оны министрліктің кері қайтаруға құзыреті бар.

Миражан Махан
Бөлісу: