"Қазақша есімін арабшаға ауыстырады". Нұрлан имам адам атын өзгерту сәнге айналғанын айтты

9 Қараша 2023, 10:48 1747

Нұрлан имам оқырманның ат өзгертуге қатысты сұрағына жауап беріп, бала есімін ауыстыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бүгінде есім өзгерту сәнге айналған.

Бүгінде азан шақырылған есімді ауыстыру сәнге айналды. Жалпы есім өзгертуді адам өміріндегі құбылысты бұрылыс деп санауға болады, яғни тағдырды басқа арнаға бұру. Уақытында дұрыс есім берілмесе немесе ұялу ыңғайсыздығы туындаса, есімін өзгерту ықтияры, әрине, дұрыс. Оның өзі қандай жағдайда, мәселен, мұсылман балаға өз дәуірінде қандай да бір халыққа зұлымдығы өткен дінсіздің есімі білместікпен берілсе ғана есімді өзгерту міндет болып табылады, - дейді Нұрлан имам.

Сондай-ақ имам қазақша есімін арабшаға өзгертіп жатқан жандарға үн қатты.

Ал қазіргі қазақи есімдерді өзгерту, оны арабшаға ауыстыру не болмаса арабша тіркемелерді есімнің алды-артына тіркеу, болмаса шетел тіліне ыңғайлау құр ғана әурешілік. Мұсылмандық есімде емес, жүректе, иманда, мінезде!!! Қазақтың көзден, сөзден, тілден қорғаныш есебінде аталған Қиқым, Итаяқ, Жаманбала, Сасықбай т.б. бұл дүниеде есімдерінен, мұсылмандықтан жиренбей, иманмен өткен. Ендеше, өзімізді өзегімізден теппейікші ағайын! - деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрлан имам (@nurlanimam.kz)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: