«QazaqGaz» елді газдандыруға өз қаражатынан 500 млрд теңге инвестициялайды

5 Тамыз 2022, 13:48 1791

Газ құбырының системасына қарқынды жұмыстар жасалынып жатыр

Қазақстанда газ тапшылығын бір жылға шегеруге мүмкіндік туды. Бірақ мәселе толық шешілген жоқ. Бұл туралы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының басшысы Санжар Жаркешов баспасөз брифингте мәлімдеді, – деп хабарлайды El.kz.

Газ саласы Қазақстанның ұлттық экономикасына жаңа драйвер болады. Өйткені газдандырудың басты мақсаты - таза газбен қамту. Газ саласы жанданса, ұлттық экономика қарқын алып, жаңа жұмыс орындары құрылады.

«QazaqGaz Қазақстандағы газ бағасының әлеуметтік әділ өзгеруін қолдады. Газ саласын тұрақты дамытудың негізгі факторларының бірі баға белгілеудің әлеуметтік-әділ реформасын жүргізу болып табылады», – деді басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, басқарама басшысы баспасөз мәслихатында соңғы 4 айда қабылданған шұғыл шаралар ішкі нарықтағы тауарлық газдың тапшылығын 2023 жылдан 2024 жылға дейін кейінге қалдырғандығын атап өтті. Ішкі нарықты тұтыну көлемі өсіп, 2021 жылы 17,5 млрд. м³, ал 2015 жылы 11,5 млрд. м³ құрағанын мәлімдеді.

«Газ құбырының системасына қарқынды жұмыстар жасалынып жатыр. QazaqGaz елді газдандыруға өз қаражатынан 500 млрд теңге инвестициялайды. Бұл бойынша төрт бағытта жұмыс істелінуде. Бірінші Маңғыстау облысындағы газ құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, газбен қамтамасыз ету. Екінші - Алматыдағы ЖЭО-ларды газдандыру. Мемлкет басшысының тапсырмасы бойынша Алматының ТЭЦ-2,ТЭЦ-3 газдандыру мәселесін жүзеге асыру жүріп жатыр. Бұл үлкен жоба болғандықтан, энергетика министрлігімен жұмыла атқарылуда. Себебі бұл тек қана газдандыруға қатысты емес, сондай-ақ экология үшін де өте маңызды болмақ. Үшінші бағыт – елорданы газдандыру мәселесі. Төртінші бағыт – Атырау облысындағы маңызды газ құбырларына жөндеу жұмыстары», – деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының басшысы Санжар Жаркешов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: