«QazaqGaz» бен «Газпром» Қазақстан арқылы табиғи газ транзиті туралы келісім жасасты

10 Маусым, 21:47 497

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға 2040 жылдың соңына дейін тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттарға қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Құжаттарға Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен қол қойылды. Бұдан бөлек Роман Скляр мен Алексей Миллер «Орта Азия – Орталық IV» магистральдық газ құбырын Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауды ұлғайтуға дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Бұл жобалар Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің транзиттік әлеуетін кеңейтуге және республиканың газ саласы үшін экономикалық пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.

Зарина Арман
Бөлісу: