Қазақ жастары сербиялық «Црвена Звезда» командасын жеңді

22.07.2024 17:23
Равиль Ашығали

QJ League All-Star жасөспірімдер лигасының құрамасы Сербияның «Црвена Звезда» командасын Алматыда қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Аталған ойында «Қайраттың» қос футболшысы Азамат Тұяқбаев пен Дастан Сатбаев өз есебіне бір-бір голдан жазды. Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» стадионында қазақ футболы кезекті жеңіске қол жеткізді.