Қазақ тұлпары Дубайда өткен аламанда топ жарды

27 Қаңтар, 05:24 1195

Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде батысқазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі kazinform-ға сілтеме жасап. 

БҚО бәйге федерациясынан мәліметінше қазақстандық сәйгүліктің қарсыластары қатарында былтырғы окс чемпионы Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынаған. Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубок бәскесіне қатысады. 

Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған жүйрік. 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: