«Қазақ тілінің мәртебесі өз деңгейінде емес». Судья сот процестерін тек қазақ тілінде өткізуді ұсынды

4 Қазан, 13:41 518

Астанада өтіп жатқан IX Қазақстан Республикасы судьяларының съезінде Ақтөбе қалалық сотының судьясы Илиада Досова елімізде заң қазақ тілінде әзірленіп, сот процесін өз тілімізде жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесінің жағдайы өз деңгейінде емес деп санаймын. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту - баршамыздың парызымыз. Сондықтан заңдар қазақ тілінде әзірленсе, сот процестері өз тілімізде жүргізілсе, тілге деген талап күшейтілсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Жаһандық мақсатымыз халықтың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, міндеттіріміз айқын, шешу жолдар белгілі. Алда тұрған мақсаттарымызды тиімді жүзеге асыру - ортақ жұмыс, - деді Досова.

Айта кетейік, елордада IX Қазақстан Республикасы судьяларының съезі өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: