«Қазақ тілі» қоғамы «Qazaq Oxford Dictionary» сөздігін құрастырып шықты

15 Қаңтар, 16:15 1408

Бүгін ҚР Парламент Сенатында «Qazaq Oxford Dictionary» сөздігінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы аталған қоғамның құрылып, жұмыс істеп жатқанына 30 жылдан аса уақыт өткенін айтты.

Қазіргі кезде көрнекті және қолға ұстап көретіндей дүние болсын деген оймен Oxford-пен жасалып жатқан сөздікті «Қазақ тілі» қоғамының қанатының астында шыққан бір еңбек  ретінде таныстырып жатырмыз. Дүниежүзінде аударма сөздіктер дайындауда әсіресе, өзге тілдерді ағылшын тілімен байланыстыруда ең беделді және тәжірибелі ұйым – Oxford университетінің баспасы. 150 жылдан бері сөздік шығарумен айналысып келе жатыр. Байқасаңыздар, сөздіктің атауын біз ағылшын тілінде қалдырдық. Дүниедегі ең сенімді сөздіктер деген өзінің ұраны бар. Соны алға тартады, – деді Рауан Кенжеханұлы.

Қазір медиа, технология, бизнес саласында жаңа ұғымдар бар. Осылардың барлығы аталмыш сөздікте қамтылған. Жалпы саны – 60 мың сөз. Сөз тіркестерін қоса есептегенде, 1,5 миллионға жетеді. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: