Мәдениет және ақпарат министрлігі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Жаппасұлының өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еркін Жаппасұлы – қазақ сатирасының көрнекті өкілі, қоғамның күлкі мен шындық араласқан қырларын дәл бейнелеген бедерлі қаламгер еді. Ол ұлттық әдебиет пен журналистиканың дамуына айрықша үлес қосып, өткір ойы мен шебер тілі арқылы оқырманның жүрегінен орын алған тұлға болды.
Министрлік мәлімдемесінде қаламгердің жарқын бейнесі, ұлт руханиятына сіңірген еңбегі мен ойлы шығармашылығы әріптестерінің, шәкірттерінің және барша оқырман қауымның жадында мәңгі сақталатыны айтылды.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын, – делінген министрліктің ресми көңіл айтуында.