Қазақ қызы шетелде лауазымды қызметке тағайындалды

7 Қыркүйек 2023, 18:32 8884

Қазақ қызы Қырғызстанның монополияға қарсы ведомствосын басқарады. Бұл туралы vesti.kg сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Гүлшат Асылбаева Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің төрағасы болып тағайындалды. Тиісті өкімге Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қол қойды, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлшат Асылбаева Жогорку Кенештің VI шақырылымының депутаты болған.

Гүлшат Асылбаевның ұлты қазақ. 1960 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Георгиевка ауылында дүниеге келген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: