Қазақ-қытай шекарасы уақытша жабылады

18 Наурыз, 16:08 951

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2024 жылдың 21-23 наурызы аралығында жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 21-23 наурызда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген комитет ақпаратында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: