«Қазақ королінің» IBF-тегі рейтингі жоғарылады

18 Сәуір, 13:18 604

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесінде боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың тізімін ұсынамыз:

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші сатыда қалды. Бұл дивизионда IBF чемпионы атағы Жәнібек Әлімханұлына тиесілі, алғашқы екі саты әзірге бос. Үшінші және төртінші орындарда Денис Радован (Германия) мен Андрей Михайлович (Жаңа Зеландия) тұр.

Екінші жартылай орта салмақта «Қазақ королі» лақапатымен танымал Сұлтан Зауырбек 13-сатыдан 12-сатыға көтерілді. IBF-те бұл салмақта әлем чемпионы атағы британиялық Джозеф Кординаның еншісінде. Бірінші орынға мексикалық Эдуардо Нуньес жайғасса, екінші орын бос, алғашқы үштікті жапон Масанори Рикиши түйіндеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: