Қазақ файтері анасының қазасынан соң араға үш сағат салып жеңіске жетті

22 Шілде, 16:05 1221

Қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков кезекті жеңісін сырқаттан көз жұмған анасына арнады. Ол анасының өмірден өткені туралы суық хабарды жекпе жекке шықпай тұрып естіген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Балқаш жолбарысы» деген лақап атпен жекпе жекке шығып жүрген қазақстандық файтер көз жасына ерік берді.

Осыдан үш сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. Жеті жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп ойлағанмын. Анам қатты ауырды, – дейді Ернат Түгелбеков.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от beksports (@beksports.kz)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: