Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының зертханасы жаңа кезеңге өтті

30 Қыркүйек 2023, 09:13 978

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының зертханасы сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар" ISO 15189-2015 стандартына сәйкестік рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық аккредиттеу органының сарапшы-аудиторлары ҚДИАҒО зертханасында енгізілген сапа жүйесін жоғары бағалады. Осы рәсімнің нәтижесінде берілген сертификат зертханадағы сапа менеджменті жүйесінің сенімді зерттеу нәтижелерін алуға бағытталғанын растап отыр. 

Сондай-ақ, бұл ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес ҚДИАҒО зертханасының сапа саясаты жүйесін жетілдірудегі келесі логикалық қадам болып табылады.

Аккредиттеу барлық халықаралық сапа стандарттары сақталатын зертхананың құзыреттілігін растайды. Қазіргі уақытта зертханада әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық жабдықтар орнатылған және АИТВ-ны диагностикалау үшін жоғары сезімтал диагностикалық сынақтар қолданылады. Бұл жыл сайын 25 мыңнан астам зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ҚДИАҒО АИТВ қызметінің зертханаларында сапа саясатын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. ДДҰ ұйымдастырған және Түркияның Анкара қаласында өткен АИТВ қызметінің зертханалық қызметкерлерінің халықаралық кеңесі АИТВ диагностикасының жаңа алгоритмдеріне көшуді талқылады. Осы тұрғыда Украинада ISO 15189 стандарты бойынша 37 зертхана аккредиттелгені атап өтілді, оның ішінде 7 АИТВ қызметі бойынша; Түркияда - тиісінше 43 және 4 АИТВ; Қазақстанда - 65, оның ішінде 10 зертхана АИТВ-мен жұмыс істеуге маманданған.

Бұл Қазақстан Республикасында зертханалық тексеруді дамытудың жоғары деңгейін және оның сапалы медициналық диагностиканы қамтамасыз етудегі рөлін көрсетеді.

Асқар Таудай
Бөлісу: