Қазақ батыры туралы комикс жарыққа шықты

20 Наурыз 2023, 23:35 1725

Елордада «Мерген» комиксінің тұсаукесері өтті

Астанада қазақ батыры Есекмерген туралы комикс таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл – сценарист Бек-Ата Даниял мен суретші Магира Тілеубердинаның туындысы. Кейіпкер туралы ақпарат кітаптардан жиналған. Авторлардың айтуынша, жұмыс бірнеше айға созылған.

Комикстің негізгі мақсаты – комикс саласын дамыту. Екіншіден жастарымыздың тарихи тұлджастарымыздың тарихи тұлғаларға назар аудару болатын және осы батырлардың сурет арқылы, сол комикс арқылы көрсеткіміз келген, - дейді суретші Магира Тілеубердина.

Комикс төрт бөлімнен тұрады. Бұл авторлардың алғашқы еңбегі емес. Бұған дейін де қазақ аңыздары мен мифологиясына негізделген бірегей сюжеттер шетелдіктерге таныстырылған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: