Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталады

1 Мамыр, 06:17 640

Мәдениет және ақпарат министрлігі қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін қолдауға бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан басталып 2024 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға (МАМ) құжаттарды хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, МАМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайына жолдай алады, - делінген мәліметте.

Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.

Зарина Арман
Бөлісу: