21.07.2024
05:29
1117
Қайықта қалған 8 адам аман құтқарылды

Қайықта қалған 8 адам аман құтқарылды

Жетісу облысында қайықпен суда қалып қойған адамдар тобы құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Алакөл көлінде 8 адам жағадан 40 шақырым қашықтыққа алыстап қайық қозғалтқышының ақаулығынан су айдынында қалып қойғаны белгілі болды.

ТЖМ қызметкерлері адамдарды жағалауға жеткізіп, аман құтқарды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарушылар суға түсуге барғанда сақ болыға шақырып, абай болуды ескертіп отыр.