Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚайтарылған активтер қаражатына Алматы облысында 26 медициналық мекеме салынады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматы облысының прокуратурасы заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым нысандары сияқты маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.
Осы жұмыстар аясында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында, Іле ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Іле ауданының прокуроры қатысты.
Жаңа медициналық нысан алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсетуге қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған
Соның арқасында Көктөрек ауылының 2000-нан астам тұрғыны аудан орталығына бармай-ақ, сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады.
Бас прокуратураның мәліметінше, жалпы, Алматы облысында қайтарылған қаражат есебінен 29 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 26-сы – денсаулық сақтау мекемелері.
Алматы облысының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып, оларды қоғам қажеттіліктеріне бағыттайтын болады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек