27.08.2025
12:47
618
«Қайраттың» тарихи жеңісі: британ басылымдары пікір білдірді

«Қайраттың» тарихи жеңісі: британ басылымдары пікір білдірді

Британиялық TNT Sports спорт басылым Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі сенсациялық нәтижеге назар аударды. Шотландияның «Селтигі» қазақстандық «Қайраттан» өте алмай, топтық кезеңнен тыс қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

«Қайрат» «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасында тарих жазды

«Селтик» төрт жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмады. Плей-офф раундында шотландиялық клуб пенальти сериясында «Қайратқа» есе жіберіп, енді маусымды Еуропа лигасында жалғастырады. Екі матч та 0:0 есебімен аяқталды, ал 11 метрлік серияда қазақстандық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қақпашы Темірлан Анарбеков Адам Айда, Люк Маккоуэн және Дайдзэн Маэда соққыларын қайтарды.

Роджерс: Біз үлкен мүмкіндікті жіберіп алдық

«Селтик» бас бапкері Брендан Роджерс матчтан кейінгі сұхбатында мойындады:

Бұл өте сүреңсіз ойын болды. Өз әлеуетімізді көрсететіндей мүмкіндігіміз бар еді, бірақ біз оны пайдалана алмадық. Чемпиондар лигасы ­– керемет турнир, бірақ екі ойында да жеткілікті әрекет жасай алмадық.

Ол Шотландия премьер-лигасындағы сәтті бастау мен Еуропадағы сәтсіздікті салыстырды:

Чемпионатта жақсы бастадық, бірақ мұнда әлдеқайда жоғары дәлдік керек. Үйде маңызды сәтті жіберіп алдық, ал бүгінгі ойын мүлде тартымсыз өтті.

«Қайрат үшін бұл – фантастикалық нәтиже»

Сонымен қатар Роджерс Қазақстанға арнайы ұшып келген жанкүйерлерді атап өтті:

«Қайратты» құттықтаймын. Олар үшін бұл – фантастикалық нәтиже. Бірақ біз үлкен мүмкіндікті уыстан шығарып алдық. Фанаттарға алғыс айтқым келеді. Олардың клубқа деген махаббаты ерекше екені көрініп тұр.

Бапкердің айтуынша, команда бұл жеңілісті қабылдап, алдағы уақытта Еуропа лигасына назар аударуы тиіс.