26.11.2023
20:07
1385
«Қайраттың» Чемпиондар лигасына қатысатын құрамы белгілі болды

«Қайраттың» Чемпиондар лигасына қатысатын құрамы белгілі болды

Футзалдан «Қайрат» командасының Чемпиондар лигасы элиталық сатысына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазақстандық команда В тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) және «Приштина» (Косово). 

Ойындар Косовоның Приштина қаласындағы Жастар сарайында 2023 жылдың 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтеді.  

Команда құрамы төмендегідей:

Қақпашылар: Деннис, Игита, Нарун Серіков.

Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Альберт Ақбалықов, Педро, Диего, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Кайо Руиз, Игор Шушу, Алекс Виана, Алиссон. 

Бас бапкер: Марлон Веласко. 

Элиталық сатысында әрбір топта жеңімпаз болған командалар «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алады. Жарыстың аталған сатысында Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталады.