29.08.2025
18:01
833
«Қайраттың» бас бапкеріне көлік сыйға берілді

«Қайраттың» бас бапкеріне көлік сыйға берілді

Алматыдағы тарихи кездесуден соң «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мен матчтың басты қаһарманына айналған қақпашы Темірлан Анарбековке ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өз алаңында Шотландияның «Селтигін» тізе бүктіріп, топтық кезеңге жолдама алған клуб өкілдері Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловпен кездесті. Кәсіпкер қос спортшыны жеңісімен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Рафаэль Уразбахтинге Hyundai Palisade көлігінің кілті берілсе, пенальти сериясында қарсыластың үш бірдей соққысын қайтарып, команданы келесі кезеңге алып шыққан Темірлан Анарбеков Apple MacBook иегері атанды.

Айта кетейік, шешуші пенальти сериясында Анарбеков алдымен Адам Айданың соққысын тосса, кейін Маккованға мүмкіндік бермеді. Соңғы соққыны Маэда орындаған еді, оны да қайтарып, командасын Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алып шықты.

«Қайрат» еурокубок тарихында осымен екінші рет өнер көрсетпек. Бұған дейін клуб 2021/22 маусымында Еуропа конференциялар лигасында ойнаған болатын. Ал Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне дейін ел тарихында тек «Астана» (2015/16 маусымы) жеткен. Енді «Қайрат» қазақстандық футбол үшін тарихи жетістікті қайталап, басты додаға шыққан екінші команда атанды.