Қайрат Сәтжанов Шымкентте өткен турнирдегі жекпе-жектер туралы пікір білдірді

13 Қазан, 21:30 541

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жуырда Шымкентте өткен халықаралық турнирдегі боксшылардың жекпе-жегі туралы жеке пікірін айтты, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Бас бапкердің айтуынша, турнирде тек үш спортшыны босатылған. Олар: Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев. Оған себеп – жарақаттар.

Нұрбек Оралбай мұрнына ота жасауы қажет. Ол әлі біраз уақыт шаршы алаңға шықпайды деп ойлаймын. Десе де жиындарға қатысады. Спаррингке әзірге шығармаймыз. Барынша мұқият болып, абайлауы керек болады. Қамшыбектің омыртқасында жарық бар. Асланбек те ем алып жатыр. Біздің жігіттердің деңгейі жақсы болды. Өздерін жақсы көрсетті. Теміртас Жүсіповтың дайындығы жақсы болды. Санжар Тәшкенбай да бабында өнер көрсетті. Екеуі де 48 келіге дейінгі салмақта кездесуі керек еді. Бірақ жарақат салдарынан Санжар жарыстан шығуға мәжбүр болды, - деп атап өтті Қайрат Сәтжанов.

Ұлттық құраманың бас бапкері Дамир Әбдіқадыр, Даниял Сабит жекпе-жекте жақсы өнер көрсеткенін алға тартты. Нұрсұлтан Алтынбек те өте мықты болды.

Оразбек Асылқұловты да айта кетсем деп едім. Біз әр кеште арнайы топта өткен жекпе-жектерді талқыладық. Мен Оразбекке «5+» деген баға бердім,-деді ол.

Перизат Саденова
Бөлісу: