Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

6 Қыркүйек 2023, 15:34 1286

Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірақ сот отырысының қашан басталатыны әлі анықталған жоқ.

Осы жылдың 4 қыркүйегінде қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысының қай күні басталатыны белгісіз, яғни белгіленген жоқ,- деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. Ал кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген де қамауға алынды. Күдіктілерге қаңтар оқиғасы кезінде адам жинауды ұйымдастырды, жақықсыз адамдарды азаптады деген бірнеше айып тағылып отыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: